Жеңіл салмақтағы бұрынғы UFC чемпионы Энтони Петтис (24-12) Showtime Fighting Championship деп аталатын ММА промоушенін құрды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

Жаңа промоушеннің алғашқы турнирі қазан айына жоспарланған. Кеш Петтистің туған жері Висконсин штатындағы Милуоки қаласында өтеді.