«Атырау» футзал клубы Беларусь құрамасының ойыншысы Илья Казакпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы атыраулық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Өткен маусымда Илья минскілік «Столица» клубында өнер көрсетті. Аталған клуб сапында 7 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.