2021 жылдың 10-11 шілдесінде Бурабайда екі үлкен спорт додасы өткелі отыр - Elite және U15 санатындағы спортшылар арасындағы араласа эстафетадан Қазақстан Республикасының Ашық чемпионаты және Pro және Age Group санатындағы спортшылар арасындағы «TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңі.

10 шілдеде Elite және U15 санатындағы спортшылар арасындағы дода Mixed Relay дисциплинасы бойынша өтетін болады. Құрамында екі әйел және екі ер спортшылары бар эстафеталық командалар 250 м жүзу, 6,6 км велосайыс пен 1,6 км жүгіруден құралған қашықтықты бағындырмақ.

11 шілдеде Pro и Age Group санатындағы спортшылар арасында «TEMIRADAM» Кубогының ІІІ кезеңі болады. Стандартты қашықтық үш кезеңнен құралады: 1500 м жүзу + 40 км велосайыс + 10 км жүгіру.