Қазақстандық қорғаушы Дмитрий Шомко елге оралды, деп жазады Prosports.kz.

Дмитрий Шомко «Ақтөбемен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы клуб ресми хабарлады.

Бұған дейін БАҚ-та Шомко 14 маусымда Шомко «Нижний Новгородпен» келісімшарт жасасады деген ақпарат тараған.

Айта кетейік, өткен маусымда Шомко «Астанадан» ресейлік «Роторға» ауысып, РПЛ-де төрт матчқа қатысты.

2021 жылдың 30 маусымынан бастап ойыншы еркін агент атанды. Transfermarkt порталының дерегіне сүйенсек, 31 жастағы қорғаушының трансферлік құны 1 миллион еуро тұрады.