«Қайрат» футбол клубының 30 жастағы шабуылшысы Адеринсола Эсеола украиналық «Ворсклаға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Украиналық ойыншы «Қайрат» сапында 2018 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында ол 84 матчқа қатысып, 38 гол соқты және 10 нәтижелі пас берді.

Сонымен қатар, 2019 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені атанды. Ал бір жылдан кейін алматылық клубпен Чемпионаттың алтын медалін жеңіп алды.