29 жастағы украиналық қорғаушы Темур Парцвания «Жетісу» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол Киевтің «Отрадный» командасының түлегі. Мансабын киевтік «Динамоның» қосалқы командасында бастаған.

Бұған дейін «Николаев» сапында өнер көрсетті, 2020/2021 жылғы маусымда Украина Бірінші лигасында 23 матч және Украина кубогында екі матч өткізді.

Парцвания сонымен қатар, «Металлург» (Запорожье), «Волынь» (Луцк), «Десна» (Чернигов), «Олимпик» (Донецк) және «Кишварда» (Венгрия) сияқты клубтарда ойнаған.