Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты.Алексей Бублик бастапқы матчын дүниежүзілік рейтингте 105-орында тұрған отандасы Михаил Кукушкинмен өткізді.

Қарсыластар бұған дейін өзара екі мәрте кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы А.Бублик 6:4, 6:2, 6:1 есебімен басым түсті. Бәсеке 1 сағат 20 минутқа созылды.