Франция құрамасының ойыншылары Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн арасында кикілжің болды.

Әлем чемпиондары Еуропа біріншілігінде ширек финалға бір қадам жетпей тоқтады. Матчтан соң Мбаппе әріптесі Гризманның командаға ықпалы қатты екенін айтып шағымданған.

L’Équipe журналисі Тони Хуанмартидің мәліметінше, қос футболшы арасындағы кикілжің әлем чемпионатынан бері жалғасып келеді.