Лео есімімен танымал Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Норильский Никель» клубының ойыншысы Леонардо Мендонка Да Розаға ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ойыншы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Леоға бұрын тізе байламдарының үзілуі диагнозы қойылған. Ойыншыға Бразилияда ота жасалған және айтуы бойынша сәтті өткен. Операциядан қалпына келтіру 4 айдан 6 айға дейін созылуы мүмкін.