Су добынан Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлемдік лига суперфиналында Қазақстан командасы 5-орынға таласады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер командасы топтағы соңғы ойынла Грузиядан басым түсті. Есеп - 16:15.

Бүгін қазақстандықтар 5-6 орынға таласу үшін Жапония командасымен кездеседі. Топтық кезеңдегі бұған дейінгі матчтардың барлығында Қазақстан командасы жеңіліс тапты.