Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (30-0, 18 КО) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Андраде, қазір солақайларға қарсы спарринг өткізіп, жаттығып жүрген шығарсыің. 100 пайызға дайын бол. Сені бірінші раундта нокаутқа түсіргім келмейді. Көрермендер Qazaq Style-ден ләззат алғанын қалаймын. Сені 7-8-раундта нокаутқа түсіремін. Сені жеңемін, мұны білесің», - деді Әлімханұлы Твиттерде.

Еске салайық, қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегінде әлемнің экс-чемпионы америкалық Роб Брант (26-3, 18 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Кездесуден кейін Әлімханұлы чемпиондарды жекпе-жекке шақырған еді.