Қазақстан чемпионы ретінде «Сарыарқа» Құрлықтық кубокқа қатысады. Қарағандылықтар үшінші кезеңнен бастайды. Бұл кезең 19-21 қарашажа польшалық Краковте өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Ligasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнир қожайыны «Краковиядан» бөлек Леонид Тамбиев шәкірттері словакиялық «Попрад», сондай-ақ оның алдындағы кезеңде жеңген командамен кездеседі.

Турнирдің финалдық кезеңі 2022 жылы 7-9 қаңтар арасында өтеді.

Айта кетейік, блытыр пандемияға байланысты бұл турнир өтпеген болатын.