Тректегі велоспорттан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін спринтер велошабандоздары вакцина алған. Федерация ұжымы да екпе алған (бір бөлігі бірінші дозасын, басқа бір бөлігі толығымен).