Кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Николай Швабтың (6-0, 3 КО) қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының ақпаратына сенсек, жеңіл салмақта өнер көрсететін 26 жастағы боксшы 9 шілдеде Майамиде америкалық Рондейл Хаббертпен жұдырықтасады.

Бұған дейін шыққан ақпаратта отандасымыз 40 жастағы мексикалық Марко Антонио Мендос Чикомен (11-10-1, 7 КО) кездеседі деп жоспарланған еді.

Айта кетейік, Николай Шваб кейінгі жекпе-жегін Флорида штатында да өткізген. 22 мамырда Мэдлиде ол 21 жастағы мексикалық Карлос Хименесті (1-1-1) төрешілер шешімімен жеңді.

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Майамиде жекпе-жек өткізеді