Қорғаушы Виктор Ивашин «Алтай-Торпедо» хоккей клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы өскемендік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Виктор Ивашинмен жаңа келісімшарт бір жылға, 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалды.

Өскемен хоккей мектебінің түлегі 2020/2021 жылғы маусымды «Ертіс» (Павлодар) сапында бастады, кейін «Алтай Торпедоға» ауысты. 26 кездесуге қатысып, 4 (2+2) ұпай жинады.