«Қайрат» футзал клубының баспасөз қызметі 2020/2021 жылғы маусымдағы ең үздік голдар топамасының видеожазбалар сериясын жариялауды жалғастырады, деп жазады Prosports.kz.

Алматылық клуб видеоны инстаграм желісіндегі ресми парақшасында жариялады.

Төртінші шығарылым алматылық команданың қорғаушысы Дуглас Жуниорға арналды. Қазақстан чемпионаты аясында өткен «Ақтөбеге» қарсы матчта ол керемет голмен көзге түсті.

Айта кетейік, топтаманың үшінші бөлімі шабуылшы Эдсонның үздік голына арналған болатын.