Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовтың (12-0, 10 КО) жаттықтырушысы Марк Рэмси шәкіртінің келесі жекпе-жегі туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, жерлесіміз 16 шілдеде Шавиниганда (Квебек, Канада) өтетін бокс кешінде канадалық Мпонда Калунгамен (8-2, 3 КО) жұдырықтасады.

- Садриддиннің Квебекке тек жеңіс үшін келген мықты қарсыласпен жұдырықтасатынына қуаныштымыз. Садриддиннің биік деңгейде екенін көрсетуге бел будық, - деді Рэмси Boxingscene.com порталына.

Айта кетерлігі, журналистер Калунгаға «жас таланттардың қорқынышы» деген ат берген. Өйткені ол бұған дейін бірнеше рет жеңіліп көрмеген боксшылардан басым түскен. Мпонда өзін «Египет ханзадасы» деп атайды, ол аталған елде дүниеге келген, бірақ 20 жылдан бері Канадада тұрады.

Садриддин Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды