Футболдан Еуропа чемпионаты 1/8 финалының екінші ойын күнінде Чехия Нидерландыны жеңді, ал Португалия Бельгияға есе жіберді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуро-2020. 1/8 финал.

Нидерланды – Чехия – 0:2 (0:0)

Голдар: Голеш 68 (0:1), Шик 80 (0:2)

Алаңнан қуылды: де Лигт 55 (Нидерланды)

Нидерланды құрамасы топтан қиындықсыз өткен - Украина, Солтүстік Македония мен Австрияны сенімді жеңген болатын. Ал чехтар Англия, Хорватия, Шотландиямен бір квартетте ойнап, 1/8 финалға тек үшінші орынмен ғана өтті.

Голландиялықтар бұл текетірестің фавориті болды, бірінші минуттан шабуылға кірісіп, чехтар қақпасын күзетумен болды.

Бірақ кейін Чехия футболшылары қарсыластың ойынына бейімделіп, қауіпті шабуылдар жасата қоймады, бірінші таймнан кейін есеп - 0:0.

Үзіліс чехтар үшін пайдалы болды. Нидерланды футболшылары ерте ме, кеш пе, гол соғатынын іштей сезгендей, ойынын өзгерткен жоқ.