10 шілдеде Алматыда өтетін бокс кешінде Ержан Зәлілов жеңіліп көрмеген Бағдат Уайдаевқа қарсы жұдырықтасады.

- Ержан, Алматыдағы айқасыңызға дайындық қалай өтіп жатыр?

- Дайындық жақсы. Бабыма келдім. Әлі алдымызда екі апта дайындық уақыты бар.

- Сәуір айында қабырғаңызды жарақаттап алған едіңіз. Қазір денсаулығыңыз қалай?

- Емделу процесі жақсы өтті. Қазір еш жерім ауырмайды. Спаррингтер тамаша өтіп жатыр.