Футболдан Қазақстан чемпионатының 18-туры аясындағы «Шахтер» - «Ақтөбе» матчы көрерменсіз өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық ​​клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«COVID-19 індетінің ауырлауына байланысты Қарағанды ​​облысында эпидемиологиялық жағдай нашарлады, сол үшін 27 маусымда өтетін «Шахтер» мен «Ақтөбе» футбол клубтары арасындағы матчқа көрермендер кіргізілмейді», - делінген хабарламада.