«Қайрат» футболдан ел чемпионатының 17-турында «Каспийді» (5:1) ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылықтар сапында Артур Шушеначев, Камо Оганесян, Гүлжігіт Алықұлов бір голдан, Вагнер Лав екі гол соқты. «Каспий» футболшыларынан жалғыз голды Руслан Мингазов салды.

Қазақстан чемпионаты – 2021. 17-тур.

«Қайрат» – «Каспий» 5:1 (2:0)

Голдар: Шушеначев 8, Вагнер 25, 71, Оганесян 83, Алықұлов 90 – Мингазов 73.

23 маусым. Алматы. «Орталық».