24 маусымға қараған түні футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің кезекті соңғы төрт матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл ойын күні E және F тобының төрт матчы өтеді. Ресейде Швеция мен Польша арасында матч болады. Швеция топ басында тұрса, Польша керісінше көш соңында қалды. Матчтың тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 21:50-де басталады, ойынды мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Дәл осы уақытта Севильияда Словакия мен Испания құрамалары арасында Е тобындағы екінші матч басталады. Екі құрама топтың 2 және 3 орындарын бөлісіп тұр. Матчтың трансляциясын Qazsport телеарнасын мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Будапештте Португалия мен Франция құрамалары кездеседі. Бұл кездесу Qazaqstan телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Елорда уақытымен 00:50-де басталатын трансляцияны мына СІЛТЕМЕДЕН көре аласыздар.

Мюнхенде Германия мен Венгрия құрамалары арасында текетірес болады. F тобындағы матч Нұр-Сұлтан уақытымен 00:50-де басталады. Германия - Венгрия матчының тікелей трансляциясы Qazsport арнасында көрсетіледі және мына СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.