Бүгін, 23 маусымда Қазақстан чемпионатының 17-туры аясында төрт матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кездесулер Талдықорған, Алматы, Тараз және Қызылордада өтеді.

Елорда уақытымен 18:00-де Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен «атырау» кездеседі.

19:00: «Қайрат» өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдайды.

20:00: «Тараз» өз алаңында түркістандық «Тұран» командасын қабылдайды.

21:00: Бүгінгі ойын күнінің соңғы матчы Қызылордада өтеді. Ғани Мұратбаева атындағы стадионда «Қайсар» мен «Тобыл» кездеседі.