ЦСКА-ның бұрынғы бас бапкері Ивица Олич Хорватия құрамасының бапкерлер алқасына қосылды, деп жазады Prosports.kz.

Златко Далич шәкірттері бүгін Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің соңғы турында Шотландиямен кездесіп жатыр. Алғашқы екі матчтан кейін Хорватия бір ұпай жинап, D тобында үшінші орында тұр.

Айта кетейік, Ивица Олич ЦСКА-ны 2021 жылдың наурызынан бастап жаттықтырған, бірақ 15 маусымда қызметінен кетті.