Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Бад-Хомбург (Германия) WTA жарысының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші ресейлік Варвара Грачевамен бірге бастапқы кездесуін германиялықтар Таисия және Яна Мордергермен өткізді. Қазақстандық-ресейлік жұп бірінші партияда айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Олар екінші сетте де қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:4.

1 сағат 11 минутқа созылған бәсеке барысында 10 брейк-пойнттың бесеуін, қарсыластары 4 сондай мүмкіндіктің екеуін пайдалана білді. Анна Данилина мен Варвара Грачева жартылай финалға шығу үшін осы доданың 1-ракеткалары, хорватиялық Дарья Юрак – словениялық Андрея Клепачпен таласады. Анна Данилина кеше жекелей сында жапониялық Мисаки Доидан ұтылып қалған еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Истбурнда негізгі жарысқа жолдама алған