Өзбек боксшысы Фазлиддин Гайбназаров (9-1, 5 КО) Василий Ломаченко - Масайоши Накатани андеркартында жұдырықтасуы керек еді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алайда Фазлиддин виза мәселесіне байланысты кешке қатыса алмайды. Ол америкалық Куинтон Рандаллломен (8-0, 2 КО) жұдырықтасуға тиіс болатын.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Василий Ломаченко - Масайоси Накатани атты бокс кешінің андеркардында өнер көрсетеді.