Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жек үшін Лас-Вегасқа ұшуға дайындық үстінде.

Жәнібек Әлімханұлы командасының инстаграм-аккаунтында боксшы және оның қасындағылардың сапар алдында коронавирусқа тест тапсырғаны хабарланды.

Сәрсенбі күні олар Невадаға ұшуды жоспарлап отыр. Бейсенбі күні шоу қатысушыларының баспасөз мәслихаты өтпек. Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 27 маусым күні таңертең өтеді.

Еске сала кетейік, кештің басты айқасы екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпион, украиналық Василий Ломаченко мен жапондық өкіл Масаеши Накатани арасында болады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhanibek-alimhanuly-alemnin-eks-chempionymen-aykas-aldynda-koronaviruska-test-tapsyrdy_a3803826