«Тұран-2007» командасы Dalmatinko-2021 халықаралық турниріне қатысуға шақыру алды. Матчтар Хорватияның Сплит қаласында 23-30 маусым аралығында өтеді. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Жас футболшылар D тобына түсті, онда турнирдің фавориттерімен және алаң қожайындары «Хайдук» (Сплит) командасымен ойнайды.

Сонымен қатар, тұрандықтар «Иллирия» (Словения), «Солин» НК (Хорватия) және «Трогир» (Хорватия) командаларымен кездеседі.

Матчтар 11х11 форматында өтеді. Топтық кезеңде 20 минуттан екі тайм ойнайды. Жартылай финалда және финалда осы жас санатындағы командалар 25 минуттан екі кезең өткізетін болады.

Турнирге Ақтаудың «Каспий» футболшылары да қатысады.