Өскеменде стрит-скейтбордингтен бірінші ресми турнир мәресіне жетті. Olympic.kz жарыс қорытындысын назарларыңызға ұсынады.

Кирилл Холопов аталған турнирде қарсыластарынан басып озды. Күмісті Мансұр Жұмағалиев, қоланы Роман Вожжов иеленген.

Өскемендегі турнир экстремалды спорт түрлеріне арналған бірінші бәсеке саналады.

«Стрит скейтбординг» олимпиадалық бағдарламасы бойынша жалпы есебі алты жарыс өткізу жоспарланып отыр.

Аталған турнир жеңімпаздары Алматыдағы ел біріншілігіне жолдама алып, чемпионат жеңімпаздары ұлттық құрамаға қабылданады.