Аңыз боксшы Мохаммеда Алидің немересі Нико Али Уолш тамыз айында кәсіпқой-рингте дебют жасайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жекті Боб Арумның Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

Айта кетерлігі, Арум промоутерлік мансабындағы алғашқы жекпе-жек 1966 жылы 29 наурызда Али мен Джордж Чувало арасында өткен.

«Атам менің Боб Арумнан басқа промоутермен жұмыс істегенімді қаламайтынына сенімдімін», - деп келтіреді Уолштың сөзін ESPN.

Айта кетейік, Али 2016 жылы 3 маусымда 74 жасында қайтыс болды. Аты аңызға айналған боксшы мансабында 61 жекпе-жек өткізіп, 56 рет жеңіске жеткен (37 нокаут), бес мәрте жеңілген.