Кезекті Қазақстан кубогы 17-25 тамыз аралығында Алматыда өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матчтарды «Алматы-Арена» қабылдайды.

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топтан екі үздік команда жартылай финалға жолдама алады. Жыртылай финал жеңімпаздары ел кубогын сарапқа салады.

Кубоктық жарыстың соңғы құрылымы мен кестесі қатысушылар тізімі бекітілгеннен кейін жарияланады.