Рио-де-Жанейродағы (Бразилия) «Олимпико Нилтон Сантос – Энженьян» стадионында Америка кубогы топтық кезеңінің үшінші турындағы Венесуэла мен Эквадор құрамаларының матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші тайм соңында эквадорлық шабуылшы Эдуар Пресиадо есеп ашты, алайда үзілістен кейін Эдсон Кастильо гол соғып, Венесуэла тарасы басын теңестірді. 20 минуттан соң Гонсало Плата Эквадорды тағы да алға шығарды. Матч осылай аяқталуға жақын болған, соңғы минуттарда Рональд Эрнандес есепті теңестіріп үлгерді. Қорытынды есеп - 2:2.