Регби-7 спортынан Монакода өтіп жатқан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирін қазақстандықтар сәтсіз аяқтады.

Анна Яковлева жаттықтыратын Қазақстан командасы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын. Алайда, бұл кезеңде азулы Ресей құрамасынан 0:38 есебімен жеңілді.

Ширек финалда Қазақстан командасы Тунисті 28:21 есебімен ұтқан болатын.

Осылайша, регбишілер Токио Олимпиадасына қатысу құқығына қол жеткізе алмады.