Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Истборндағы WTA 500 сериялы турниріне іріктеудің бірінші кезеңінде ұтылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы америкалық Мэдисон Бренгл болды. Ол бес рет доп беру кезінде қателесіп, алты брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.

Путинцева да бес рет доп беру кезінде қателікке бой алдырды. Жеті брейк-пойнтты өз пайдасына қалдырды. Есеп 5:7, 5:7. Матчтың ұзақтығы - 2 сағат 8 минут.