Атырауда аралас жекпе-жектен MFC 1 турнирі өтті. Кештің басты жекпе-жегінде Қуат Хамитов жұдырықтасты.

Ол украиналық файтер Роман Головинмен кездесіп, бірінші раундтың соңында қылқындыру әдісі арқылы жеңіске жетті.

Осылайша, Қуат Хамитов мансабындағы 21-ші жеңісіне жетті.