Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан (7-2) EFC 37 турниріндегі басты жекпе-жектердің бірін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматыдағы турнирде 24 жастағы файтер ресейлік Роман Авдалпен (15-9) кездесті. Жартылай жеңіл салмақтағы (65.8 кг) жекпе-жек бірінші раундта аяқталды - Әкімжан қарсыласқа фронт-кикпен соққы жасаған, Авдал кездесуді жалғастыра алмады.

Айта кетейік, Әкімжан ресейлік промоушенде қатарынан үшінші рет, карьерасында жетінші рет жеңіске жетіп отыр. Бұл жеңістен кейін ол жартылай жеңіл салмақтағы чемпиондық титулға үміткер болуы мүмкін.

Еске салайық, бұл турнирде Әкімжаннан бөлек тағы төрт қазақстандық өнер көрсеткен. Виталий Родинов бастапқы кардта Шамиль Магомедовтен жеңіліп қалған. Исатай Теміров те ресейлік қарсыласына жол берген. Жартылай орта салмақта Дияр Нұрғожай бразилиялық файтерді бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген. Ал аса жеңіл салмақта Санжар Әділов ресейлік қарсыласын төрешілер шешімімен қапы қалдырған.