Қазақстандық Денис Евсеев пен өзбекстандық Денис Истомин Алматыда өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық сынында жарыс жолын жалғастырмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар жартылай финалда украиналық теннисшілер Владислав Манафов пен Виталий Сачкоға қарсы кездесу өткізуі керек еді.

Алайда қазақстандық теннисші жарақат алып қалғандықтан, жарыстан бас тартты.