Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBA тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жекке дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

28 жастағы боксшының командасы инстаграмдағы парақшасында кезекті жаттығу сәтінен видео жариялады. Жаттығу соңында Жәнібек: «Бүгін бізде соңғы спарринг өтті, қазір үйге барып демаламыз. Енді салмақты теңшеп, жылдамдықпен жұмыс жасауымыз керек», деді.

Айта кетейік, Әлімханұлы - Брант жекпе-жегі 26 маусымда Лас-Вегаста (Невада) өтеді.

Фото instagram.com/janibek_alimkhanuly