18 маусымда Алматыда бұрынғы жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов негізін қалаған Eagle Fighting Championship лигасы ұйымдастырған EFC 37 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл турнирде бес қазақстандық файтер өнер көрсетеді:

Виталий Радионов (Қазақстан, дебют) - Шамиль Магомедов (Ресей, дебют)Исатай Теміров (Қазақстан, 9-3-1) - Денис Измоденов (Ресей, 9-8-2)Санжар Әділов (Қазақстан, 6-1-1) - Ильмиямин Джаватов (Ресей, 6-2)Дияр Нұрғожай (Қазақстан, 5-0) - Вадим Литвин (Беларусь, 4-2)Жасұлан Әкімжан (Қазақстан, 6-2) - Роман Авдал (Ресей, 15-9)

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік файтер Шамиль Завуров (39-6-1) мен бразилиялық Рикардо Тирлони (22-8) жұдырықтасады.

EFC 37 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. Кешті мына СІЛТЕМЕ арқылы немесе «Боец» телеарнасынан көруге болады.