Қазақстандық файтерлер Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов UFC-дегі кезекті жекпе-жегіне АҚШ-та дайындалып жатыр. Бұл туралы файтердің өзі Іnstagram-парақшасында мәлімдеді. Олар Майамидегі American Top Team залында жаттығып жүр. Жалғас Жұмағұлов өзінің UFC-дегі үшінші жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегаста (Невада) UFC 264 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5) болады.