Бүгіннен бастап Қостанайдың «Тобылы» бас бапкер Григорий Бабаянмен еңбек қатынасын тоқтатты. Тараптар екіжақты келісім бойынша келісім-шартты үзді, деп хабарлайды қостанайлық клуб.Бүгін Мәскеудің ЦСКА командасы қазақстандық маман Григорий Бабаянды бас бапкердің көмекшісі етіп тағайындағанын ресми түрде жариялаған еді.Айта кетейік, ол қостанайлықтармен бірге чемпионаттың «күміс» жүлдесін және Суперкубогын ұтты.