Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Португалияның Назар қаласында 2021 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің топтық кезеңіндегі алғашұы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біздің құраманың алғашқы қарсыласы Дания болды.

Аса тартысты кездесуде Дания құрамасы 6:5 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан сапынан Виктор Черный (дубль), Тимур Ершин, Дмитрий Перевертов және Рустам Мақажанов гол соқты.

Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 маусымда Литваға қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де басталады.

Қазақстан – Дания 5:6 (1:2, 0:1, 4:3).