UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыға келді. Бұл қалада Eagle Fighting Championship турнирін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алматы, біз жеттік», — деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Хабиб GFC промоушенін сатып алып, өз лигасын құрған. 18 маусымда EFC Қазақстандағы алғашқы турнирін өткізеді.