Қазақстандық теннисші Зарина Дияс ұлыбританиялық Ноттингемдегі турнирді бірінші айналымда аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дияс бірінші айналымда мексикалық Рената Сарасуамен кездескен. Бірінші сетте Сарасуа 6:3 есебімен жеңді. Кейін екінші сетте мексикалық теннисші 1:0 есебімен алға шыққан, Зарина Дияс матчты жалғастырудан бас тартты.

Сарасуа енді польшалық Катажина Кавамен кездеседі.