«Адриатика-Ионика» көпкүндік веложарысының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кезеңде италиялық шабандоз Лоренцо Фортунато (EOLO-Kometa) жеңіске жетті, екінші орында «Астана» өкілі Кудус Мерхави. Үшінші орынды да «Астана» шабандозы иеленді - қазақстандық Вадим Пронский үздік үштікті түйіндеді.

«Адриатика-Ионика», 2-кезең1. Лоренцо Фортунато (EOLO-Kometa) 2. Кудус Мерхави («Астана»)3. Вадим Пронский («Астана»)