Қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко (9-0, 9 КО) Лас-Вегастағы Top Rank Gym-да (Невада, АҚШ) жаттығуын жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазіргі уақытта 29 жастағы қазақстандық ауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фьюриге (30-0-1, 21 КО) спарринг-серіктес ретінде Деонтей Уайлдермен (42-1-1, 41 КО) үшінші жекпе-жегіне дайындалуға көмектесіп жүр.

Инстаграм парақшасында Дычко өзінің командаластарымен түскен суретін жариялады. «Тағы бір күн, ауыр жұмыс», - деп жазба қалдырды. Иван Дычконың келесі жекпе-жегінің күні әлі анықталған жоқ.