Байдарка мен каноэде есуден Қазақстан құрамасы бұл күндері Белоруссияда оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған жаттығу жиындарында ел құрамасының тоғыз спортшысы шеберліктерін шыңдап жатыр.

Атап айтқанда, Илья Голендов, Кирилл Тубаев, Андрей Ергучев, Иван Лукьянов, Сергей Токарницкий, Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов, Светлана Усова және Маргарита Торлопова дайындықтарын пысықтауда.

Ұлттық құрама бас бапкер Андрей Шантаровичтің жетекшілігімен дайындықтарын жалғастырып жатыр.