Канадалық шабуылшы Мэттью Фрэттин «Барыс» хоккей клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісімшарт бір жылға жасалған.

Фрэттин қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Мэттью «Барыс» жейдесінде 160-тан астам матч өткізді. Өткен маусымда шабуылшы 55 матчқа қатысып, 30 (12+18) ұпай жинады.