«FaZe Clan» CS:GO командасының мүшесі Олоф «olofmeister» Кайбьер «FaZe Clan» CS:GO командасының сапына оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы оның командаласы Рассел «Twistzz» Ван Далкен Dot Esports басылымына берген сұхбатында айтты.

Кайбьер құрамнан өз еркімен кеткен бразилиялық «coldzera»-ның орнын басады. Команда жаңарған құраммен қатысатын алғашқы турнир BLAST Premier: Spring Final 2021 болады.