Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Алматыда өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз бірінші айналымда босниялық Мирза Башичке есе жіберді.

1 сағат 18 минут минутқа созылған кездесу 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.